Негізгі жұмыстар су өткізу жүйелерін ретке келтіруге бағытталған
Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамы Алтай қаласының ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, алдын алу шараларын іске асыруда. Негізгі жұмыстар су өткізу жүйелерін ретке келтіруге бағытталған.
Атап айтқанда, мамандар арықтар мен су өткізу арналары мен құбырларын тазалап, су жүру жолдарын ашуда. Бұл шаралар тұрғын үйлер мен елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су тасқыны қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі мен қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде әскери қызметшілер 450 құм толтырылған қап дайындап, жалпы ұзындығы 3800 метр арық жүйесін тазалады. Бұдан бөлек, 19 су өткізу құбыры мен 7 көпір арнасы ретке келтірілді.
Оқи отырыңыз: «Ханталапай» сайысына 350 мыңнан астам бала қатысты