Жер үйдегі өртті ауыздықтауға үш техника мен 15 өрт сөндіруші жұмылдырылды
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында екі адамның өмірін алған өрт болды. Құтқарушылар 76 және 78 жастағы ерлі-зайыптылардың денесін тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Тілсіз жау туралы хабар құтқарушыларға ақпарат 19 желтоқсан күні таңғы сағат алтыдан кете түскен. Жер үйдегі өртті ауыздықтауға үш техника мен 15 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
«Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орынан мамандар 1949 жылы туған ер адамның және 1947 жылғы әйел адамныңы денесін тапты»,-деп нақтылады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды толықтай сөндіруге бір сағаттан артық уақыт кеткен.
Оқи отырыңыз: Қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов дүние салды