Қазіргі кезде өрттің шығу себептері нақтыланып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жеке сектордан болған өртте тағы бір адам көз жұмды. Оқиға 26 қарашада болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Өрт Қызылжар ауданы Бескөл ауылында тіркелген.
Құтқарушыларға өрт туралы хабарлама түнгі сағат 23.00 шамасында түскен. Бескөлдегі Северная көшесіндегі жер үйлердің бірі отқа ораныпты.
«От 40 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында 1978 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды», - деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтақушылар тілсіз жауды 50 минут ішінде толығымен ауыздықтаған. Оған 14 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылыпты.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері нақтыланып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты