Жамбыл облысында сәлем салудан бас тартқан келін соттан бір-ақ шықты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сот қаулысымен іс тараптардың татуласқанына байланысты тоқтатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде ер адам жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң, ер адам әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан», - делінген сот хабарламасында.

Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

«Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады», - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

Оқи отырыңыз: Жетісайдағы өрттен зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр екені айтылды

Новости партнеров