Аумақты абаттандыру үшін бюджеттен бірде-бір теңге бөлінген жоқ
«Шешек асуы» демалыс орнындағы жеті жарым мың шаршы метрден асатын аумақта отырғызылған 8000 көшет Шығыс Қазақстан облысының картасын бейнелейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауқымды экологиялық акция облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен «Таза Қазақстан» эко-саябағында өтті.
Игі іске өңірдің барлық қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен мекемелер, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Облыс картасының әрбір бөлігіне жекелеген аудан мен ұйымдар бекітіліп, сол аумақтарға ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта олар өздеріне бекітілген жердің күтімі мен абаттандырылуына жауапты болады.
Бір ерекшелігі, аумақты абаттандыру үшін бюджеттен бірде-бір теңге бөлінген жоқ.
«Таза Қазақстан» – осындай қарапайым әрі пайдалы істерден басталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкеге қайда баруға болады