Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс көлігін заңсыз пайдаланғаны туралы қанша дерек тіркелген

Мұндай әрекеттер қаржылық шығындар мен қызметтік тәртіптің бұзылуына алып келіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Алматыда мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс көлігін заңсыз пайдаланғаны туралы 50-ден аса оқиға тіркелді. Бұл туралы қалалық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

Бас қосуға жиналғандар автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдануға қатысты нақты заңбұзушылықтарды талқыға салды. Кеңес өкілдерінің сөзінше, мұндай әрекеттер қаржылық шығындар мен қызметтік тәртіптің бұзылуына алып келіп жатыр екен.

Ал күн тәртібінде одан бөлек, мемлекеттік органдардың жұмысына объективтілік пен адалдық қағидасын сақтауына кері әсерін тигізуі мүмкін жағдайлар да қаралды.

"Мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша мемлекеттік органдарда ауқымды талдау жүргіздік. Жақын туыстардың бір жерде қызмет атқарғаны туралы фактілер анықталды. Мұндай жағдайларға заңнама тыйым салады. Сондықтан түсініспеушіліктер мен туыстардың арасында жұмыста тығыз байланысты болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тиісті мемлекеттік органдарға бұған дейін ұсыныстар жіберілген болатын", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қалалық департаментінің басшысы Шынарай Әлімхан.

Оқи отырыңыз: Алматы көшелерінің бірінде қозғалыс уақытша шектеледі

Новости партнеров