Алматы облысындағы «Қазпоштада» миллиондаған қаржы жымқырылған

elements.envato.com
elements.envato.com

Осы схема арқылы олар 2021-2023 жылдар аралығында төлқұжат пен жеке куәлік аламын деген адамдардың салығынан ақша ұстап қалып, 80 млн теңге тапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының прокуратурасы «Қазпошта» кассасынан 80 млн теңге жымқырған екі кассирді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, кассирлер түбіртектегі мәліметтерді бұрмалап жазып, мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп отырған. Осы схема арқылы олар 2021-2023 жылдар аралығында төлқұжат пен жеке куәлік аламын деген адамдардың салығынан ақша ұстап қалып, 80 млн теңге тапқан.

«Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде бас бостандықтарынан айырылды», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.

Дереккөз кассирлер неше жылға қамалғанын жазбаған.

Оқи отырыңыз: Келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көбейеді

Новости партнеров