Скейт-аймақ, памп-трек және субұрқақ: Алматыда заманауи «Flow Park» бой көтеруде

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында жаңа қоғамдық кеңістік Flow Park құрылысының барысын тексерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында жаңа қоғамдық кеңістік Flow Park құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жоба қала халқының белсенді демалысы мен серуендеуіне арналған. Мұнда көріктендіру сапасына, көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған.

Flow Park Әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде және Дулати көшесінің шығысында орналасқан. Аумақтың жалпы көлемі 6,6 гектар.  Саябақтың 4,4 гектары көгалдандырылған. Мұнда 700-ден астам ағаш, 18 мың бұта және 90 мыңнан астам гүл егілген. Сондай-ақ серуен аймақтары, спорт алаңы, памп-тректер, скейт-аймақ және демалыс орындары бар. 

«Парк ашылғанына өте қуаныштымыз. Балалар демалыста ойнап, күліп мәз болып жүр. Субұрқақ бар, сырғанайтын ойын алағы жасалған. Қала қонақтары келіп, суретке түсіп, мәз болып кетіп жатыр», – деді  қала тұрғыны Мирас Козлясов.

Оқи отырыңыз: Family Park аумағында тұрғын үй кешені немесе өзге де нысандар салу жоспарланбаған