СҚО-да әйелін балағаттаған ер адам қамауға алынды

11.07.2025 08:30

Сотта оның кінәсі тергеу материалдары, әкімшілік хаттама мен бұрынғы жазаларына қатысты деректермен толық дәлелденді

niu niu/unsplash.com/

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО сотының мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қызылжар аудандық соты қарады. С. әйелін бұған дейін де боқтап, жаман сөздер айтқан. Сол үшін жазасын тартқан. Алайда бір жыл өтпей жатып, ер адам үйінде отырып, әйеліне тағы ауыр сөздер айтып, жанжал шығарған.

Тергеу барысында С. өз кінәсін мойындап, әйелімен сөзге келіп қалғанын, ашуға булығып, балағат сөз айтқанын түсіндірді.

Сотта оның кінәсі тергеу материалдары, әкімшілік хаттама мен бұрынғы жазаларына қатысты деректермен толық дәлелденді. Осылайша сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. Сонымен қатар оған алкогольді ішімдік, есірткі мен психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Бос уәде, бітпеген құрылыс: ШҚО-да 5 бірдей спорт кешені аяқсыз қалған