Екі жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған
СҚО-да жол-көлік оқиғасының салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Қайғылы жайт Айыртау ауданында орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Айыртау ауданындағы Лобаново-Заря автожолында болды. Алдын ала болжам бойынша «Chevrolet Niva» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Тиісінше, машина жол шетіне шығып кетіп, аударылған.
Көлік рөлін тізгіндеген жан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.
«Адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады»-, деп қысқа қайырды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Атыраулық блогер үш жылға сотталды