СҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

Depositphotos
Depositphotos

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Куәгерлер әлеуметтік желіде болған жайттың бейнежазбасын жариялады.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйек күні, сағат 13:25 шамасында, «Челябі-Новосібір» автожолының 505 шақырымында болған. Қызылжар ауданының аумағында Chevrolet, Mazda және Lexus автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан екі адам сол жерде мерт болып, бесеуі түрлі жарақат алды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданбақ.

Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда абай болу қажеттігін, жылдамдықты, асырмай, қауіпті маневр жасамау керектігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі метроның жаңа стансаларының құрылысымен танысты

 

Новости партнеров