Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Снежанна Имашева Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Снежанна Имашева 1981 жылы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. (2001).

Еңбек өтілі:

«Тұран Әлем Банкі» ААҚ Ақсай филиалының бөлшек кредит беру маманы (08.2001-09.2001)

Нотариус көмекшісі (10.2001-07.2003)

«Жайық Холдинг» ЖШС заң кеңесшісі (08.2003-04.2005)

Заң кеңесшісі, «Ақсайэнерго» ЖШС өткізу қызметінің бастығы (05.2005-09.2011)

«Батыс энергоресурстар» ЖШС Бас директоры (09.2011-03.2016)

«Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап)

Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021-19.01.2023), «Жаңа Қазақстан» парламенттік тобының мүшесі (02.2022-19.01.2023)

«АМАНАТ» партиясының партиялық тізімі бойынша сегізінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.03.2023 бастап), Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (29.03.2023 бастап)

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 12 жастағы қызды аңдыған күдіктілер ұсталды

Новости партнеров