Соққыға жығылған атыраулық блогердің ісіне қатысты нүкте қойылды

Соталушылардан 4 миллион теңгеге жуық моральдық және материалдық шығын өндіріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соққыға жығылған атыраулық блогердің ісіне қатысты нүкте қойылды. Сот Құралай Болатованы бопсалап, оған қоқан-лоқы көрсетті деген екі бойжеткеннің әрқайсысын бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Алайда айып тағылған әйелдер кәмелет жасына толмаған балаларының болуына байланысты жазаларын келесі жылы өтейді. Сол уақытқа дейін сотталушылар пробация есебіне алынбақ. Сондай-ақ олардан 4 миллион теңгеге жуық моральдық және материалдық шығын өндіріледі.

 «Сот Ақмурзиеваны 108-бап,1-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасын үкім етті. Жаза өтеу орны болып ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалсын. ҚК 74-бабы, 1-бөлігін қолданып, оның жазасын өтеуі 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылсын», – деді судья Мөлдір Алтыналиева.

Сонымен қатар бұған дейін жәбірленуші айыпталушы екі әйелге «зират басына апарып қорлады, тонады» деген кінә таққан. Алайда блогердің бұл шағымы негізсіз деп танылып, сотта дәлелденбеді. Ал сотталушы тарап үкіммен келіспейтінін, әрі ауыр жаза екенін айтып, апелляцияға шағым түсіретінін жеткізді.

Естеріңізге салсақ, әйелдер арасындағы жанжал былтыр қазан айында басталған. Блогер Құралай Болатова танысының өтінішімен әлеуметтік желі арқылы Түркия еліне саяхат турын жарнамалаған. Кейін оған сенген оқырман Стамбұл сапарын ұйымдастырушыларға жүз мың теңгеден аудара бастапты. Бірақ уәде етілген саяхатқа ешкім бармаған.

 «Өз тарапымнан қатаң жаза түсті деп ойлаймын. Себебі «молаға апарды, арқамнан тепті» деп жала жабылды. Алайда оның бірі болған жоқ. Шашынан тарттым. Себебі ол мені балағаттады. Мен Құралайды танымаймын, 1-2 отырыста көрдім. Сондықтан мен апеллялық сотқа шағым түсіремін», – деді сотталушы Ақбота Сұлтанғазы.

Оқи отырыңыз: Шымкентте үй жинауға барған әйелді өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушысының жаза мерзімі ұзарды

Новости партнеров