Хоккейден Қазақстан чемпионаты: жаңа маусым қандай форматта өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Биылғы маусымда үшінші орын үшін өткізілетін ойындар да қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарды ұйымдастыру департаменті 2025–2026 жылғы маусымдағы ел чемпионатының жаңа форматын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін 10 команда бақ сынайды: «Актөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа» және «Торпедо». Күнтізбені жоспарлау барысында Қазақстан құрамалары қатысатын жарыстар: Азия чемпионаты, халықаралық турнирлер, әлем чемпионаттары және басқа да іс-шаралар ескерілген.

Турнир үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде барлық командалар бір-бірімен төрт матчтан (екі мәрте өз алаңында, екі рет сырт алаңда) өткізеді. Чемпионаттың ашылу күні – 7 қыркүйекте, Көкшетауда өткен маусымның финалистері «Арлан» мен «Торпедо» кездессе, Петропавлда «Құлагер» мен «Ертіс» ойнайды.

8 қыркүйекте «Сарыарқа» – «Номад» және «Алматы» – «Горняк» кездесулері өтеді. «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» маусымды 12 қыркүйекте сырт алаңдағы матчтармен бастайды. Сондай-ақ «Алматы» және «Номад» командаларына қарсы ойнайды. Бірінші кезеңнің соңғы ойындары 23 желтоқсанда өтеді.

Екінші кезеңнің күнтізбесі бірінші айналымның қорытындысы бойынша командалардың нәтижелері мен логистика ескеріле отырып құрылады. Бұл ретте алғашқы бес орынды иеленген командаларға екінші кезеңдегі матчтардың басым бөлігін өз алаңында өткізуге басымдық беріледі.

Осылайша, тұрақты чемпионат аясында әр команда 54 матчтан өткізеді.

Үшінші кезең – плей-оффқа үздік сегіз команда жолдама алады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер осы кезеңде анықталады. Кубоктық кезең 14 ақпанда басталады. Ал барлық плей-офф сериялары төрт жеңіске дейін жалғасады. Қажет болған жағдайда финалдың жетінші матчы 17 сәуірде өтеді.

Биылғы маусымда үшінші орын үшін өткізілетін ойындар да қарастырылған. Кездесулер үш жеңіске дейін жалғасады және қажет болған жағдайда 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтеді.

Дереккөз: турнирдің баспасөз қызметі

Новости партнеров