ҰҚК есірткі сатумен айналысқан үш күдіктіні ұстады

пресс-служба КНБ РК
пресс-служба КНБ РК

Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 желтоқсанда ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.

Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-нің күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 15 жылқыны ұрлаған азамат қолға түсті

Новости партнеров