Спорт пен технология: Астана халықаралық «Болашақ ойындарын» қабылдайды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Турнирге қатысушылар 8 бағыт бойынша жеңіске жету үшін бақ сынайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағымдағы жылдың маңызды оқиғаларының бірі - 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдарының, цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жанкүйерлер қатысады деп күтілуде. Бейінді ведомствоның бағалауынша, бұл турнир туристік ағымның артуына ықпал етеді, сондай-ақ елорданың қонақүй, көлік және сервис инфрақұрылымына қосымша сұраныс тудырады.

Турнирге қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша жеңіске жету үшін бақ сынайды. Жарыс бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-шутерлер, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ ДК мен мобильді құрылғыларға арналған MOBA ойындары енді.

Бүгінгі таңда отандық туроператорлар жарыстарды тамашалауды және елорданың мәдени көрікті жерлерімен танысуды қамтитын арнайы туристік пакеттерді дайындап қойды. Тартысты бәсекелер Астананың төрт спорт нысанында өтеді.

Оқи отырыңыз: Аптап ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Новости партнеров