Жеміс-жидек жеудің пайдасы қандай - диетолог кеңесі

Мира Байбек
Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жидек сатып аларда өнімнің сапасы мен сыртқы түріне назар аударыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Табиғи жолмен өсірілген, химиялық өңдеуден өтпеген жеміс-жидек жеу — денсаулыққа өте пайдалы, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Диетологтар кеңесіне сүйенсек, жидек сатып аларда өнімнің сапасын растайтын құжат сұраған жөн. Сондай-ақ сыртқы түріне де назар аударыңыз: піскен, табиғи жидектер әдетте ұсақтау болады және сырт келбеті табиғи көрінеді.

Дегенмен аллергиясы немесе кейбір жеміске жеке төзімсіздігі бар адамдар жидек тұтынғанда сақ болуы тиіс. Ал өзгелер жидек атаулыны жеңіл тіскебасар ретінде мөлшермен тұтына алады. Диетолог күн сайын әртүрлі екі уыс жидек жеген дұрыс дейді — бұл ағзаны қажетті дәрумендермен байытады.

Балаларға қалай беруге болады?

Екі жасқа дейінгі балаларға жидектерді аз-аздан беріп, ағзасының реакциясын бақылау керек. Егер кері әсер болмаса, біртіндеп көлемін ұлғайтып, оларды ботқа мен йогуртқа қосуға болады.

Жапон зерттеушілерінің айтуынша, тамақ рационына натто (ферменттелген соя), қызанақ және жасыл бұрышты жиі қосу күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Дереккөз: mir24.tv

Оқи отырыңыз: Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 14 маусымға арналған жұлдыз жорамал

Новости партнеров