Ұзындығы 56 шақырым республикалық маңызы бар жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге қарастырылған
Жамбыл облысындағы Шу–Қайнар автожолы жарты ғасырдан кейін күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ұзындығы 56 шақырым республикалық маңызы бар жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде оның 45 пайызына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. «ҚазАвтоЖол» мамандарының мәліметінше, құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жоба шеңберінде төрт көпір салынып, бірнеше су өткізгіш құбыр орнатылады. Жоспарға сай, Шу–Қайнар автожолындағы күрделі жөндеу келесі жылы толық аяқталмақ.
«Бірінші мердігер компания 21 шақырымды асфалттап жатыр. Ал екінші шымкенттік компания 35 шақырымда жұмыстар жасауда. Қазір 206 техника, 330 адам жұмыс істеп жатыр», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Әміренов.
Оқи отырыңыз: Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде қозғалыс жөндеуге байланысты ішінара шектеледі