Суды үнемдеу: ғалымдар Президент Жолдауындағы міндеттерді шешу жолдарын ұсынды

Автомобиль және жол технологияларын зерттейтін жаңа институт құрылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Суды үнемдеу, жол сапасын арттыру, ғылымды өндіріспен ұштастыру. Президент Жолдауында көтерілген міндеттерді шешуде ғылыми ізденістің маңызы зор. Ғалымдар да бастаманы нақты жобалармен жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тіршілік нәрін есепке алу мен тиімді бөлу ісіне жасанды интеллектіні жұмылдыру үшін арнайы қытайлық мамандармен бірлесе жаңа технология жасалып жатыр. Ұлттық ғылым академиясы су ресурстарын кешенді басқаруға  DeepBas платформасын бағыттап отыр. Оны 2027 жылдан бастап еліміздің үш су бассейнінде сынақтан өткізу жоспарланған. Бұл – ауыл шаруашылығында суды ұқыпты пайдалануға және су қорын басқару тәсілдерін жетілдіруге бағытталған бастама

«Ауыл шаруашылығын дамыту арқылы мемлекеттің эконрмикасын арттыра аламыз. Ауыл шаруашылығын дамыту – суды тиімді пайдалану үшін жасанды интеллектті тиімді пайдалану керек. Өйткені суды бейберекет қолдана берсек, Орта Азиядағы су тапшылығына әкелетіні рас. Су тапшылығы аймақта үлкен мәселе», – деді ҚР Президенті жанындағы ҰҒА білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының басшысы Жеңісбек Төлен.

Президент атап өткен жол сапасы мәселесі де ерекше назарда. Бұл бағытта Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің базасында автомобиль және жол технологияларын зерттейтін жаңа институт құрылған. Ондағы мамандардың міндеті — жол құрылысына озық технологияларды енгізіп, ғылыми шешімдерді тәжірибеде қолдану. Жоба халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе қолға алынған. 

«Жолдаың сапасы туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде айтты. Осыған байланысты Тынышбаев атындаеы АLT университетінің базасында арнайы автокөлік және жол технологиялары бойынша жаңа институт құрдық. Бұндай институт бұрын болмаған. Енді сол жаңағы флагмандық бағдарламаны іске асырамыз», – деді ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Оқи отырыңыз: Инфрақұрылымды дамыту – экономиканың негізі: сарапшылар Жолдаудағы басымдықтарды талқылады