Жалған тауардан айыпталушылар 15 миллион теңге пайда көрген
Қостанайда темекі бизнесі арқылы табыс таппақ болған 5 ер адам сот залынан бір-ақ шықты. Өйткені олар шылымның ішін табак өнімімен емес, құм мен пенопластқа толтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, 78 қорап жасап, қаптамаларды мөрлеп, оны түпнұсқа өнім ретінде сатқан. Жалған тауардан айыпталушылар 15 миллион теңге пайда көрген. Сотта күдіктілер кінәсін мойындап, келтірген шығынды өтейтінін мәлімдеді. Тек бас бостандықтарынан айырмауды сұрады. Енді ер адамдар үш жыл бойы пробация қызметінің бақылауында болады.
«Айыпталушылардың кәмелетке толмаған балалары барын, жәбірленушінің пікірін, келтірілген шығынның ерікті түрде өтелетінін ескере отырып, сот әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ тағайындалған жаза мерзімі бойына пробациялық бақылау белгіленді», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында туыстары жерлеген зейнеткер үйіне қайта оралған