Шымкентте балабақша қызметкері бүлдіршіндерді инемен қорқытқан: қылмыстық іс қозғалды

Куәгерлердің айтуынша мектепалды топтағы бөбектер психологиялық әрі физикалық қысымға ұшыраған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте балабақша қызметкері бүлдіршіндерді инемен қорқытқан. Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнежазбадан тәрбиешінің қолына шприц ұстап, балаларға сес көрсеткені байқалады. Куәгерлердің айтуынша мектепалды топтағы бөбектер психологиялық әрі физикалық қысымға ұшыраған. Оқиға Тұран ауданындағы № 59 «Айша» мемлекеттік балабақшасында болған.

Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Сонымен қатар мекеме басшылығын қызметтен шеттету және кінәлі тәрбиешіні жұмыстан шығару мәселесі де қаралып жатыр.

«Аталған балабақшаның «Бәйтерек» мектепалды тобының тәрбиешісі Р.М. тарапынан балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету белгілері (шприцпен қорқыту, қол көтеру) анықталғаны жөнінде мәлімет түсті. Оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен білім басқармасы тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде зерделенуде. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетін болады. Аталған мәселе Шымкент қаласының білім басқармасының қатаң бақылауында», – деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова.

Оқи отырыңыз: "Баспана әперемін": Астанада өзгенің 95 млн теңгесін заңсыз иемденген ер адам сотталды

 

 

 

Новости партнеров