Шымкентте баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты
Бесінші сыныпты енді ғана аяқтаған оқушы оқиға орнында тіл тартпай кетті
Шымкентте 11 жастағы баланы жүк көлігімен басып кеткен жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы апат 1 маусымда болған. Ауыр техниканы тізгіндеген азамат жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан ұлды қағып кеткен. Салдарынан бесінші сыныпты енді ғана аяқтаған оқушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Кейін жүк көлігінің әкімдікке тиесілі екені анықталды. Сол күні ауыр техника көшедегі қоқысты жинауға шығыпты. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Ал баласынан айырылған ата-ана кінәлі азаматқа кешірім берген.
«Жүк көлігі Абай ауданы әкімі аппаратының «АБАЙ» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі болған. Сот азаматты ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған автокөлік жуу орны бұзылды