Шымкентте егу кабинеттеріндегі заң бұзушылықтар бойынша тексеріс жүргізілді

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 12 кабинет жабылып, миллиондаған теңге айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласындағы дәріханалар жанындағы процедуралық кабинеттерде ем алған төрт адам қайтыс болды. Пациенттердің денсаулығы инъекциядан кейін күрт нашарлаған, алайда егу кабинеттері жедел көмек көрсетуге дайын болмай шықты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы оқиғалардан соң құзырлы органдар қаладағы процедуралық кабинеттерге жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 331 әкімшілік іс қозғалып, 41 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар талапқа сай келмейтін 12 егу кабинетінің жұмысы тоқтатылды.

«Жедел жәрдем келгенге дейін тұтынушының қайтыс болған жағдайы тіркелген. Бұл бойынша Полиция департаменті мен біздің департамент тарапынан тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шара қолданылып, процессуалдық шешім қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қалалық департамент басшысының орынбасары Полат Бердалиев.

Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

Новости партнеров