Шымкентте екі бала өз туысынан зорлық көрген

Жантүршігерлік оқиға туралы ұлдардың анасы мәлім етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте кәмелетке толмаған екі бала өз туысынан зорлық көрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға туралы ұлдардың анасы мәлім етті. Жағдай ана балаларын туыстарына уақытша қалдырған кезде, өзі перзентханаға кеткенде болған.

Анасының айтуынша, күдікті үш күн бойы 9 жастағы балаға, кейін оның інісіне де қорлық жасаған.

Мұндай сұмдыққа балалардың бірі шыдас бермей, өзіне қол салуға әрекет жасаған.

Қазіргі уақытта дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция куәгерлерден жауап алынғанын хабарлады.

“Біреуін 2021 жылы зорлаған. Кейін екіншісін зорлаған. Екеуі де кішкентай бала. Екеуі де зорланғанын ата-анасына енді айтып отыр. Бір баласы суицидтік күйге түскен”, – деді құқық қорғаушы Ләззат Рақышева.

Оқи отырыңыз: Алматыда есірткіге қарсы кеңес құрамы жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді

Новости партнеров