Шымкентте құдық ішінде тұншығып қалған екі жұмысшы көз жұмды
Үш жігіттің біреуі ғана аман қалған
Шымкентте су құбырын жөндемек болған 2 жұмысшы қаза тапты. Олар қызмет барысында көшедегі құдыққа түскен соң тұншығып, шыға алмай қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай Қапал батыр көшесінде болған. Су құбырын ауыстыруға үш жұмысшы келген. Алдын ала болжам бойынша, құдыққа түскен үш жігіттің біреуі ғана аман қалған. Қазір болған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол жерде құбыр салып жатқан. Кейін прокурор мен басқа жұмысшыларды көрдім. Екі адам қайтыс болған, үшіншісі аман қалыпты. Бірақ нақты кімдер екенін білмеймін. Жұмысшылардың сол жерде болғанын ғана көрдім», – деді куәгер.
«Жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмысшылар құдық ішінде ауа қалдығына уланған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр», – деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды