Шымкентте әкімдіктің лауазымды қызметкері айыппұл арқалады

Ол жарнамаға мүлде қатысы жоқ 115 азаматқа да төлем есептеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте әкімдіктің лауазымды қызметкері жазаға тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шенеунік 4 мыңнан аса кәсіпкерді «көшеге заңсыз жарнама ілді» деп айыптап, оларға айыппұл жазған. Алайда прокуратура тексерісі бұл әрекеттердің негізсіз екенін әшкереледі. Себебі әкімдік өкілі кәсіп иелеріне ешқандай ескерту бермей, олардың құқығын шектеген. Тіпті жарнамаға мүлде қатысы жоқ 115 азаматқа да төлем есептеліпті. Салдарынан кәсіпкерлер 260 млн теңгені төлеуге мәжбүр болған. Бүгінде бұл қаражат толықтай иелеріне қайтарылды. Ал заңсыздыққа жол берген мемлекеттік қызметкер айыппұл арқалады.

«Негізі кәсіпкерлерден де заңбұзушылық орын алған. Кез келген кәсіпкер сыртқы жарнаманы орналастырмас бұрын, жергілікті атқарушы органдарға оны орналастырғаны туралы хабарлауы тиіс. Кәсіпкерлердің басым бөлігі ондай хабарламаны жолдамаған. Жергілікті атқарушы органдар сырттай оны фотосуретке алып, көлемін анықтап, меншік иелерін анықтап, салық органдарына ақпарат жолдаған», -  деді қалалық прокуратураның прокуроры Дәурен Бисенбаев

Оқи отырыңыз: Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

Новости партнеров