Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертіне қатысты іс қозғалды

11.10.2026 12:39

Зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды

polisia.kz

Шымкентте Қайрат Нұртас концерті кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, концертке келген адамдардың шамадан тыс көп жиналуы салдарынан көрермендердің бірі зардап шеккен. Қазіргі уақытта қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.

Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, - делінген ведомство жауабында.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде медициналық көмекке 8 адам жүгінген. Тексеруден кейін олардың жетеуі үйіне жіберілді.

18 жастағы бір қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 11 қазан таңертеңгі жағдай бойынша оның жағдайы біршама жақсарғанымен, әлі де ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың бақылауында, - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртас концертіне кіреберісте адамдар арасында кептеліс болған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда сирек металдан жасалған коллекциялық монета айналымға шығады

Толық көрсету