Шымкентте пара алған полицей 6 жылға сотталды

Аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы өткен жылдың тамыз айында ұсталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте пара алған полицей 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы өткен жылдың тамыз айында ұсталған. Сол кездері ол есірткі сату ісін жеңіл бапқа ауыстыру үшін 6 миллион теңге алған. Осылайша жазаны жеңілдетпек болған. Айыпталушы ұсталар сәтте параның 3 миллион теңгесін көліктің терезесінен лақтырып жіберген. Ал қалған қаражат жәбірленушіге қайтарылды. Оның бұл кінәсі толық дәлелденсе де, экс-шенді айыбын мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады. Алайда судья оның кәсіби антын бұзғанын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алды.

«ҚК 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚК 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Тлеуов «полиция полковнигі» арнаулы атағынан айырылсын. Тлеуовтен алынбаған пара нысаны ретінде 3 млн теңге мемлекеттің пайдасына өндірілсін», – деп хабарлайды Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.

Оқи отырыңыз: Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Новости партнеров