Бұл жобаға 2 млн 700 мың теңге жұмсалған
Желтоқсан айында пайдалануға берілген нысанның шамамен 40 метр бөлігі жарамсыз күйге түскен. Бұған әлдекімдердің өзен арнасына заңсыз кіріп, тас қазып алуы себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция тексеруді бастады.
Айта кету керек, көктемгі тасқын қаупін азайту үшін былтыр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген. Бұл жобаға 2 млн 700 мың теңге жұмсалған. Қазір жауаптылар мұнда су тасу қаупі жоқ деп сендіріп отыр.
«Қазіргі уақытта мердігер мекеме тарапынан бүлінген бетон қабатын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Қазіргі уақытта полиция басқармасы тарапынан заңсыз тас алу бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, қосымша хабарланатын болады», – деді қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңға.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысындағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, 3 адам зардап шекті