Тәркіленген пәтер, көлік мен әшекей-бұйымдар: Перизат Қайраттың мүлкі аукционға қойылады

05.09.2025 19:04

Түскен қаражат есебінен зардап шеккендердің шығыны өтеледі

Almaty.tv

Қор ашып, жиналған қаржыны талан-таражға салған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәркіленген элиталы пәтерлер, қымбат көліктер мен әшекей-бұйымдар саудаланады. Ал одан түскен қаражат есебінен зардап шеккендердің шығыны өтеледі.

Айта кетейік, істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған.

25 шілдеде «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталғанын еске салайық. Олар қор қаржысын өз пайдасына жаратты деп айыпталған. Келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Оқи отырыңыз: Ас мәзірі: арнайы комиссия мектеп асханаларын бақылауды бастады