Тәуелсіздік жылдары елімізде жиырмаға жуық театр ашылып, жүздеген фильм түсірілді

Сондай-ақ түрлі бағытты қамтитын 12 мыңдай спектакль қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика күнінің мәні мен мазмұны тереңде. 13 жылдық үзілістен кейін қайта оралған бұл ұлттық мереке биыл төртінші мәрте айрықша рухпен аталып өтуде. Егемендіктің 35 жылы ішінде ел мәдениеті, соның ішінде театр мен кино өнері жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. «Қазақфильм» киностудиясы осы жылдар аралығында жүздеген көркем және толықметражды туындыларды көрерменге ұсынып, ұлттық киноның айбынын асырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Театр өнері де кенже қалған жоқ. Тәуелсіздік кезеңінде елде 18 жаңа театр ашылып, түрлі бағытты қамтитын шамамен 12 мың спектакль қойылды.

«Тәуелсіздік жылдарында бұл театрдың тарихында нағыз ренессанс кезеңі болды десек, қателеспейміз. Себебі ол уақытта театрды еліміздің халық әртісі Тұңғышбай Қадірұлы Жаманқұлов басқарды. Дәл сол кезеңде қазақ театрының реформаторы атанған Болат Атабаев сияқты көрнекті режиссерлер еңбек етті», – деді М. Әуезов атындағы драма театрының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтан.

«Барша қазақстандықты 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің аспаны әрдайым ашық, таңымыз арайлы, күніміз сәтті болсын. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын. Ел аман, жұрт тыныш болғай», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы.

Оқи отырыңыз: Қазақы тазы әлемдік деңгейде мойындалды: Алматыда ерекше көрме өтті

Новости партнеров