Референдумға дейін:
9
күн
15
сағат
55
минут

Таяу Шығыс елдерінен 946 қазақстандық аман-есен елге қайтарылды

Ресми дерекке сәйкес, Иранда 47, Израильде 163, Қатарда 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан астам, ал Сауд Арабиясында шамамен 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы уақытқа дейін Таяу Шығыс елдерінен 946 қазақстандық аман-есен елге қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Бүгін Оманнан Алматы қаласына тағы 314 азамат жетті. Сонымен қатар осы бағыт бойынша қосымша 230 адамды қайтару жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Жидда – Атырау және Жидда – Ақтау бағыттары бойынша да арнайы рейстер ұйымдастырылуда. Әуе қатынасымен қатар, қазақстандықтарды елге қайтару жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

«Әуе рейстерінен бөлек, қазақстандықтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда Тегеран, Ашхабад және Горган қалаларындағы шетелдік мекемелеріміз 15 азаматтың Иран Түркіменстан шекарасы арқылы өтуін қамтамасыз етті. Одан әрі олар Ақтауға жетуі үшін қажетті көмек көрсетіледі. Тегеран мен Еревандағы дипломаттар, «Заркух» компаниясының қалған 35 қызметкерін Ираннан шығуын ұйымдастырды. Олар автобуспен Иран-Армения шекарасын кесіп өтті», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Айта кетейік, ресми дерекке сәйкес, Иранда 47, Израильде 163, Қатарда 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан астам, ал Сауд Арабиясында шамамен 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы жүр. Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік Таяу Шығыс елдерінен босқындар қабылдауға Қазақстанның мүмкіндігі бар екенін айтты. Ведомствоның хабарлауынша, еліміз босқындар туралы халықаралық конвенцияларға қатысушы мемлекет болғандықтан, тиісті құқықтық негіз қарастырылған. Алайда, қазіргі уақытқа дейін мұндай өтініштер келіп түспеген.

Оқи отырыңыз: Қажылыққа барған 600-дей қазақстандық елге оралды

Новости партнеров