Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

07.03.2026 10:20

Сонымен қатар сол өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады

ҚР Сыртқы істер министрлігі

Таяу Шығыста әскери іс-қимылдардың жалғасуына және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрлік жағдай толық тұрақтанып, әскери әрекеттер тоқтағанға дейін қазақстандықтарға келесі елдерге барудан қатаң түрде бас тартуды ұсынады:

  • Бахрейн;
  • Мысыр;
  • Израиль;
  • Йемен;
  • Иордания;
  • Ирак;
  • Иран;
  • Қатар;
  • Сауд Арабиясы корольдігі;
  • Кувейт;
  • Ливан;
  • Біріккен Араб Әмірліктері;
  • Оман;
  • Сирия.

Сонымен қатар өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады. Азаматтар қауіпті аймақтарға бармауы және жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң орындауы тиіс.

Зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға немесе паналау орындарына бару қажет. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болған жөн.

Оқи отырыңыз: 8 наурыз алдында гүл мен сыйлыққа қатысты алаяқтық дерегі көбейеді - Бас прокуратура