Тексеру нәтижесінде аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың бірi 4 жыл бойы темір рудасын заңсыз өндірген
Қарағанды облысында табиғи байлықты заңсыз өндіріп, шетелге шығарған 3 күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеру нәтижесінде аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың бірi 4 жыл бойы темір рудасын заңсыз өндіріп, кейін шетелге экспорттағаны анықталған. Салдарынан мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеден асыпты.
«Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады. Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді. Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», – деді Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Әсет Жүсіпов.
Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің балалары мемлекеттік қорғауға алынды