Аталған тұлғалар мас күйінде қоғамдық орындарда өтіп бара жатқан адамдарға тіл тигізгізген
Талдықорғанда бір күнде 8 құқық бұзушы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері жарты тәулік ішінде қоғамдық тәртіпті бұзған сегіз азаматты анықтады. Аталған тұлғалар мас күйінде қоғамдық орындарда өтіп бара жатқан адамдарға тіл тигізіп, арандатушылық әрекеттер жасап, қоғамға жат мінез-құлық танытқан.
Жедел басқару орталығы – қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құрылымдардың бірі. Тәулік бойы жүргізілетін бейнемониторинг, патрульдік полиция жасақтарына жедел ақпарат жолдау және жедел әрекет ету құқық бұзушылықтардың алдын алып, олардың ауыр салдарға ұласуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бақылау жүйесі қаланың орталық көшелерін ғана емес, тұрғын алаптарды да толық қамтиды. Орталық операторлары мен патрульдік полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде құқық бұзушылар дер кезінде анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент өкілдерінің айтуынша, қоғамдық тәртіп – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негізі. Тәртіп сақталмаған жерде құқық бұзушылықтың орын алуы заңдылық. Сондықтан полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу арқылы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар қасиетті айда адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауы ерекше маңызды екені атап өтілді.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп талаптарын сақтауға шақырады. Спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және агрессивті мінез-құлық құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Қауіпсіздік, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді сақтау тек бірлескен күш-жігердің арқасында жүзеге асады.
Дереккөз: Polisia.kz
Оқи отырыңыз: Сөйлейтін дрондар: Алматы көшелерінде қоғамдық тәртіп әуеден қадағаланбақ