Талдықорғанда тұрғын үйдің шатырынан жылан табылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Оқиға қаладағы 3-бөлімше аумағында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорған қаласында құтқарушылар тұрғын үй аумағынан табылған жыланды қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға қаладағы 3-бөлімше аумағында болған.

Жеке тұрғын үйдің карнизінен жылан байқалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен жорғалаушыны арнайы құралмен ұстап, оны табиғи мекен ету ортасына жіберді.

ТЖМ мамандары жабайы жануарлар мен жорғалаушыларды кездестірген жағдайда оларға жақындамауға және өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға шақырады. Мұндай жағдайда бірден құтқару қызметіне хабарласқан жөн.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында оннан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Новости партнеров