Талғар-Есік тасжолында жол апаты болды
стоп кадр
Салдарынан 3 адам көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kris_p_issyk мәліметіне сілтеме жасап.
Zeekr 001 электркөлігінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы бағытқа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Daewoo Matiz көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші есін жимай, аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қаза болған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52