Таразда бюджет есебінен ескі үйлер күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бұған дейін 27 үй әкімдік есебінен жаңғыртылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда кеңестік кезде салынған үйлер тегін жаңғыртылып жатыр. Кезінде шатырынан су ағып, қабырғасы қақыраған баспаналар қазір адам танымастай өзгерген. Биыл 9 үйді жаңартуға бюджеттен 1 жарым миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Құрылысшылар баспаналардың қасбетін ауыстырып, шатыры мен терезелерін қайта қойып жатыр. Аулалар да абаттандырылмақ. Жалпы бұған дейін 27 үй әкімдік есебінен жаңғыртылған. Оған 3,3 миллиард теңге жұмсалған. Тараздағы 1499 көпқабатты үйдің үштен бірі әлі күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Панельдер тек қана эстетикалық келбетті жақсартып қана қоймай, жылу оқшаулағыш қасиеттерін жақсартады. Жаңағы үйдің энергиялық тиімділігін арттырып, қыста жылу болуына септігін тигізетін болады», – деді Тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Рахымбеков.

Оқи отырыңыз: Ел жолдарында электромобильдерге арналған зарядтау станциялары көбейіп келеді