Таразда екі әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Қазіргі кезде кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда екі әйелді өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі CMN.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы ер адам 54 және 46 жастағы екі әйелді өлтірді деген күдікке ілінді.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталмаған 28 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сонымен қатар бұрын жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін жалға берілетін тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полицейлерге бұл пәтерге қатысты көршілерден ешқандай шағым түскен жоқ", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа мәліметтерді жарияламай отыр.

Еске салайық, 7 қарашада Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылған болатын. Көршілердің айтуынша, әйелдер онда бір жылдай тұрған.

Қазіргі кезде кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: 57 млн теңге жымқырды деген күдікті Швециядан экстрадицияланды

Новости партнеров