Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приі – ақшалай жүлдесінің қомақты болатынымен ерекшеленетін турнир
Шымкентте KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған беделді турнир – әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңінің қорытындысы салтанатты түрде шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Федерацияның баспаөз қызметінен хабарлағандай, қызықты да тартысты өткен 9 турдың нәтижесі бойынша FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 екінші кезеңінде жарысқа ФИДЕ туы аясында қатысқан Александра Горячкина (2533) бәрінен басым түсті (7 ұпай).
Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы Тань Чжунъи (Қытай, 2551) екінші орынға шықты.
Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева (2487) Тбилисиде өткен 1-ші кезеңдегідей жүлдегер атанды, бірақ бұл жолы ол 3-ші орынды иеленді.
"Шахмат ойнаудың бай мұрасына ие Шымкент қаласы ФИДЕ қамқорлығымен өтетін әйелдер арасындағы ең беделді турнирлердің бірін қабылдаған орынға айналды. Осынау жоғары деңгейлі жарыс өткізу арқылы жаһандық шахмат сахнасындағы Қазақстанның позициясын нығайтып, өңір-өңірдегі мыңдаған жас спортшыны жаңа жетістікке жетуге шабыт беріп отырғанымызды мақтан тұтамыз. Турнирдің сәтті аяқталуын әділ жолмен жеңіске жету және осы игі ойынды дамыту үшін федерациялардың, үкіметтің және бизнестің арасында нәтижелі ынтымақтастық орнауының дәлелі деп есептеймін", — деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приі – ақшалай жүлдесінің қомақты болатынымен ерекшеленетін турнир. Алты кезеңнің әрқайсысының қоры 80 000 еуроға тең, бірінші орын алған шахматшыға оның 18.000 еуро табыс етіледі, екінші орынның жүлдесі – 13.000 еуро.
Бүкіл турнир сериясының жалпы жүлде қоры – рекордтық $600 000, оның $120.000 жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі.
Классикалық шахмат бойынша Гран-при ақшалай жүлдесімен ғана емес, рейтингті жоғарылату мүмкіндігімен де аса құнды, бұған қоса серияда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік шахмат тәжін иеленуге жол ашылатын келесі үміткерлер турниріне (FIDE Women’s Candidates 2026) жолдама алуға болады.
Әйелдер арасындағы Гран-Придің 2024-25 жылдар сериясының 2-ші кезеңінің 9 турының қорытынды кестесіне назар аударсақ: 1. GM Александра Горячкина (ФИДЕ, 2533) – 7 ұпай; 2. GM Тань Чжунъи (Қытай, 2551) – 6½; 3. IM Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2487) – 5; 4. IM Ставрула Цолакиду (Грекия, 2439) – 5; 5. GM Хампи Конеру (Үндістан, 2530) – 4½; 6. IM Дивья Дешмух (Үндістан, 2501) – 4½; 7. GM Катерина Лагно (ФИДЕ, 2527) – 4; 8. IM Нургюл Салимова (Болгария, 2405) – 3½; 9. GM Элизабет Петц (Германия, 2458) – 2½; 10. IM Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2344) – 2½.
Оқи отырыңыз: Хоккейден Азия чемпионаты: Қазақстан ірі есеппен жеңіске жетті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!