Референдумға дейін:
17
күн
1
сағат
40
минут

Таразда спорт кешенінің басшысынан ақша бопсалаған блогерлер сотталды

Олар нысан басшылығынан жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда спорт кешенінің басшысынан ақша бопсалаған блогерлер сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жағдай былтыр ақпанда болған. Әлеуметтік желіні белсенді жүргізетін үш блогер өз парақшаларына спорт кешені ғимаратындағы кемшіліктерді көрсетіп, пост жариялаған. Кейіннен нысан басшылығынан жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен. Сондай-ақ белгілі бір қызметкерлерді жұмысқа алу және босату туралы талаптар қойған. Жәбірленуші тарап блогерлер қойған талаптарға келісіп, ақшаны аударып қана қоймай, екі жылдық абонемент берген. Сотталушылардың кінәсы істің қолда бар материалдарымен және куәлердің айғақтарымен толық дәлелденді.

«Сотталушылар Ж. мен К.-ға қатысты жеңілдететін мәнжайлар ретінде олардың бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағаны және кәмелетке толмаған балаларының бар екені ескерілді. Ал сотталушы А.-ға қатысты кінәсін толық мойындауы және бұрын сотталмағаны назарға алынды. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген Тараз қаласының № 2 сотының хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысы тасқын су құрсауында қалуы мүмкін

Новости партнеров