Таразда жасөспірім жол апатына себеп болып, бір адам қаза тапты

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда әкесінің көлігін рұқсатсыз тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, жанында отырған 16 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы оқиға Төле би көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, колледж студенті екі досын ертіп, үйдегі көлікті рұқсатсыз айдап шыққан. Заңбұзушылықты байқаған тәртіп сақшылары темір тұлпарды тоқтатпақ болғанда, жас жүргізуші қаша жөнеліпті. Бірақ көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанаға соғылған. 

Жол апатынан үш жігіттің бірі көз жұмды.

Ал рөлде отырған бозбала мен тағы бір жолаушы түрлі жарақат алған. Қазір олар полицияға жеткізілді. 

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Ата-аналар бала тәрбиесі мен оны бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән жайын анықтауға бағытталған. Жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

Новости партнеров