Астанада жасөспірім көлік астына түсіп, бірнеше метрге ұшып кеткен

Осыдан екі күн бұрын болған оқиға бейнетаспаға жазылып қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада 13 жастағы жасөспірім бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан көшеге жүгіріп шығып, жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыдан екі күн бұрын болған қорқынышты жағдай бейнетаспаға жазылып қалған. Онда баланың жолға жүгіріп шыққаны анық байқалады. Соның салдарынан өз жолағымен келе жатқан жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермей, жасөспірімді бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  

«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтіп, оларға жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау қажеттігін күн сайын ескертіп отыруға шақырады», - деді

Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Дамир Әмренов.

Оқи отырыңыз: Таразда жасөспірім жол апатына себеп болып, бір адам қаза тапты

Новости партнеров