Жергілікті билік өкілдері «желілер ескі болғанымен, биыл қауіп-қатер жоқ» деп сендірді
Тараздың жылу желісі орташа есеппен 63 пайызға тозған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаладағы М-3 негізгі магистралі 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Салдарынан тозу деңгейі 80 процентке жеткен. Ал жарамдылық мерзімі 2015 жылы біткен. Ауқымды М-1 магистралінің 4 шақырымнан астамы биыл жөнделсе де, тозу деңгейі әлі 75 пайыз. Келер жылы 1,5 шақырымға жаңа құбыр салынбақ. Жергілікті билік өкілдері «желілер ескі болғанымен, биыл қауіп-қатер жоқ» деп сендірді. Ал шіріген құбырларды ауыстыру үшін 21 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. Мұндай қомақты қаражат қала бюджетіне салмақ салады. Сондықтан әкімдіктегілер Үкіметтен дәмелі.
"Жоспар бойынша кезең-кезеңімен 63 пайыздың барлығын жоюға тырысамыз. Қазіргі таңда 3 жылдық жоба бар. Келесі жылға 4.9 млрд теңге қолдау тапқан", – деді қала әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.
Оқи отырыңыз: Таразда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылды