Таргетай: пробацияда жүрген азаматтарды бақылайтын камералар қалай жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда пробацияда жүрген азаматтардың қозғалысын бақылайтын «Таргетай» жүйесі іске қосылғалы 50-ден астам құқықбұзушылық анықталған. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

Әзірше «ақылды» камералардың назарына теміржол вокзалдары, әуежай, сауда ойын-сауық орталықтары сияқты адам көп жиналатын нысандар іліккен. Жүйе қалай жұмыс істейді? Қала бойынша жаңашылдық енгізілген бейнебақылау камералары нешеу? Оның ерекшелігі неде? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Абзал Нұрғалиев жауап береді.

– Абзал Мәжитұлы! жүйе қалай жұмыс істейді? Қарапайым бейнебақылау камераларынан айырмашылығы неде?

«Аталған жүйе пробация бақылауында тұрған азаматтарды және сот үкімімен шектеулер қойылған азаматтардың қозғалысын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шықса, ойын-сауық орталықтарына барса, түнгі уақытта бетперде неме көзілдірік кисе де азаматты анықтауға көмектеседі. Аталған жүйе полиция және қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлесе жұмыс жасалуда. «Таргетай» жүйесі жұмыс істегеннен бастап, 5 айдың ішінде 50-ге жуық бұзушылық анықталды. Осы жүйенің арқасында қала бойынша қайталанатын қылмыстардың саны 20 пайызға төмендеді».

– Қазір шаһарда «Таргетай» жүйесі енгізілген қанша камера бар? Тағы нешеуін іске қосу жоспарланған?

«Қала бойынша 70 мыңға жуық камера жұмыс жасауда. Соның ішінде 2 мыңнан астам камерасы «Таргетай» жүйесіне қосылған. Жылдың аяғына дейін адам көп жиналатын вокзал, ойын-сауық орталықтары, аэропорт сияқты жерлерде 10 мың камера қоюды жоспарлап отырмыз»

Оқи отырыңыз: Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Алматы әкімі мәселені жеке бақылауына алды

Новости партнеров