Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

24.03.2026 15:07

Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді

Almaty.tv

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл  29 наурызынан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашылады. Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қалай демалады