Таза Қазақстан: қарағандылық жастар ардагердің ауласын қардан тазартты

Виктор Шелудяков 1943 жылы майданға шақырылып, Украина, Балтық және Беларусь майдандарында жаумен шайқасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандылық жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қарияларға қолғабыс етуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экологиялық және әлеуметтік бағыттарды ұштастырған «Таза бейсенбі» акциясының аясында жастар қарттарға көмектесті. Жаңа жыл қарсаңында аманаттықтар соғыс ардагері Виктор Шелудяковты мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады. Сонымен қатар ардагер үйінің маңындағы аумақты қардан тазалады.

Виктор Шелудяков 1943 жылы майданға шақырылып, Украина, Балтық және Беларусь майдандарында радио байланыс бөлімшесінің командирі ретінде жаумен шайқасты. Бірталай мәртебелі орден, төсбелгілермен марапатталған.

«Таза бейсенбі» акциясының арқасында еліміз жастарының экологияға деген көзқарасы өзгеріп және де қарттарды құрметтей бастайды. Тазалық ең бірінші өзімізден басталады, одан кейін қоршаған ортаға әсер етеміз», – деді «Amanat» партиясы облыстық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Жолдасбек Кеңес.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Дархан Сатыбалды Алматының экологиялық саясатының басымдықтарын белгіледі

Новости партнеров