Заңсыз қоқыс полигондарын жою жұмысын толық орындамағаны үшін 87 лауазымды тұлғаға 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Заңсыз қоқыс полигондарын жою жұмысын толық орындамағаны үшін 87 лауазымды тұлғаға 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының сөзінше, Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізіліп, кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл көлемі 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Сондай-ақ көлікті тәркілеу жазасы да қарастырылған. Жыл басынан бері TazaQazBot-қа 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалған.
«Биыл порталға 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы аяқталды. Олардың басым бөлігі аумақтарды тазалау, көшелерді абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне қатысты жазылған. Сапасыз орындалған немесе ресми жауаптар берілген, белгіленген мерзімге сай келмеген немесе орындаушылар тарапынан нақты іс-әрекеттер болмаған жағдайда пайдаланушыларға шағым беру мүмкіндігі бар», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 1 млн 600 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 800 мың гектардан асатын аумақ тазартылған. Бұл шаруаға алғашқы кезеңнен бастап 10 млн 400 мыңнан астам адам атсалысты.
Оқи отырыңыз: Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды ұйыстырды