Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды
Экологтар күніне орай, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері ат салысты.
Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.
«Таза Қазақстан» - еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады» - деді жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова.
Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Оқи отырыңыз: Алматыда салынып бітпеген ірі нысан сүріліп жатыр