Теміржолшылар күні: Алматыда саланың үздік қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

Елімізде Бақты-Аягөз және Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желілері салынып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде тамыздың алғашқы жексенбісінде теміржолшылар күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда 100 теміржолшы марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аталған салада адал қызмет етіп, қажырлы еңбек еткендерге түрлі грамоталар табысталып, төсбелгі тағылды. Темірдей тәртіпке бағынып, мамандығының үздігі болған ардагерлерге ерекше ілтипат көрсетіліп, зейнеткерлер жылы лебізін білдірді. Салтанатты марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, елімізде Бақты-Аягөз және Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желілері салынып жатыр. Олар Қытаймен және Орталық Азиямен жүк тасымалын күшейтуге бағытталған.

«Қазіргі кезде 21 мың шақырым теміржол салынған, тағы да бір жарым мың теміржол қосылады. Дарбаза – Мақтарал теміржолы салынып жатыр. Алматы қаласында айналма жол болады, жақында біз іске қосамыз», – деді ¤Өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуан Омаров.

«Бұл қызметте 2022 жылдан бері істеймін. Өзіміз теміржолшы отбасында өстік, Атам, әкем теміржолшы болды.  Қазақстан теміржолы – мемлекет экономикасының күретамыры,  Алматы бөлімшесі, яғни Алматы қаласының маңайындағы теміржол – сол күретамырдың жүрегі боп есептелінеді», – деді Оңтүстік-шығыс пойыздар қозғалысын басқару бөлімінің басшысы Айдос Тұрғалиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа гидро-электр стансалары іске қосылады